Жаңалықтар

Хоккейден Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді

Хоккейден Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді
Фото: icehockey.kz 23.01.2023 09:04 1141

Қазақстан студенттер құрамасының ХХХІ қысқы Дүниежүзілік универсиада ойындарындағы жарқын жеңістері жалғасын табуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Соңғы жарыс күнінде біздің  хоккейшілер   Жапония командасын 8-1 есебімен ұтып, елімізге қола медаль сыйлады.

Негізі көбі Канада командасын ұтады деген ойда болды. 4-1 ұпаймен жеңілсе де, тартысты  өткен ойыннан  команданың сағы сынбады.   Олай дейтініміз, АҚШ командасымен негізгі ойын уақытында тең дәрежеде ойнап, қосымша уақытта есе жіберген Жапониямен кездесу қалай болар екен  деген уайым болғаны рас.  

 Кіммен қалай ойнағанына қарамаңыздар, біз жеңеміз,- дейді  ойыншыларымыз  . 

Көздерінде от, сөздерінде жалын бар біздің жастарға сенімміз зор. Сенімді ақтады. Сөздерінде тұрды. 

Алпауыт 12 мемлекеттің жас хоккейшілерінің бәсекесінде Қазақстанның командасы жеңімпаздар тұғырында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға