Жаңалықтар

Хоккейден әлем чемпионаты: әйелдер құрамасы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді

Хоккейден әлем чемпионаты: әйелдер құрамасы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 11.04.2024 07:37 355

Канильо (Андорра) қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы II дивизионындағы әлем чемпионатында кезекті рет жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, А тобындағы үшінші матчта отандастарымыз Исландия командасын ұтты. Ойын 7:2 есебімен аяқталды (5:0; 2:1; 0:1)

01:18 - Куценко

05:29 - Саяхатқызы

11:19 - Саяхатқызы

14:24 - Шегай

19:56 - Фельзинк

23:06 - Саяхатқызы

33:08 - Оразбаева

Еске салсақ, алғашқы ойында қазақстандықтар Мексикадан 4:2, кейін Тайбэйден 3:0 есебімен басым түскен.

Келесі матчта хоккейшілеріміз 11 сәуірде Бельгия құрамасына қарсы өткізсе, 13 сәуір ақтық ойында Испаниямен кездеседі. Қазір 9 ұпай жинаған Қазақстан турнир кестесінде көш бастап тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға