Жаңалықтар

Хоккей: Қазақстан чемпионатының күнтізбесі жарияланды

Хоккей: Қазақстан чемпионатының күнтізбесі жарияланды
Фото: pro.ligasy.kz 02.08.2023 15:52 1170

Қазақстан хоккей федерациясының республикалық жарыстарды ұйымдастыру бөлімі 2023/24 маусымға Қазақстан тұрақты чемпионатының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

2023/24 маусымда Қазақстан чемпионатының медаліне 11 ұжым таласады: «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Құлагер», «Номад», «Сарыарқа», «Торпедо» және «Хумо». Турнир үш кезеңнен тұрады.

Оқи отырыңыз:

Бірінші кезеңде командалар бір-бірімен төрт матчтан ойнап шығады (2 үйде және 2 түзде). Чемпионат басталған күні (9 қыркүйек) Астанада өткен жылғы финалистер «Номад» пен «Хумо» кездессе, Қарағандыда «Сарыарқа» мен «Алматы» өзара кім мықтыны анықтайды.

10 қыркүйекте «Торпедо» – «Бейбарыс», «Ертіс» – «Ақтөбе» және «Құлагер» – «Арлан» ойнайды.

«Горняк» маусымды 14 қыркүйекте бастап, Петропавлда «Құлагермен» кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға