Жаңалықтар

Хоккей: «Барыс» «Динамомен» бақ сынасады

Хоккей: «Барыс» «Динамомен» бақ сынасады
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 02.10.2023 02:20 713

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу бүгін, 2 қазанда 22:10-дe басталады.

Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездесті. Оның 15-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 12 ойыннан кейін 10 ұпаймен 20-орында тұрса, «Динамо» 11 ойыннан кейін 10 ұпаймен 19-орынға орналасты.

Айта кетейік, елордалық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді. Соңғы он ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.

«Барыс» бұдан кейін екі кездесуін сыртта өткізеді. Алдымен Ресейде 4 қазанда ЦСКА (Мәскеу) командасымен кездессе, 6 қазанда «Витязь» (Подольск) клубымен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға