Жаңалықтар

Хоккей: Әлем чемпионатындағы Қазақстанның қарсыласы кім?

Хоккей: Әлем чемпионатындағы Қазақстанның қарсыласы кім?
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.06.2023 06:15 373

Шайбалы хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы Қазақстан құрамасы кіммен бақ сынасатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дүбірлі дода 2024 жылдың 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өткізіледі.

Қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польша. Ойындар Острава қаласында өтеді деп күтілуде.

Ал Прага қаласында В тобында Финляндия, АҚШ, Швейцария, Чехия, Дания, Норвегия, Австрия және Ұлыбритания құрамалары сынға түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға