Жаңалықтар

Хиросимадағы G7 саммитіне Владимир Зеленский қатысады

Хиросимадағы G7 саммитіне Владимир Зеленский қатысады
Фото: Украина президентінің баспасөз қызметі 19.05.2023 14:16 724

Жапонияның Хиросима қаласында G7 саммиті басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Үлкен жетілік» елдерінің басшылары Әлемнің мемориалдық музейіне барып тағзым етіп, сонан соң іс-шараны ашты. Күн тәртібіндегі мәселе – «Ресейдің әскери әлеуетінің әлсіреуі». Ал Жапония мен АҚШ жиынға Украина президенті Владимир Зеленский жеке барып қатысатынын растады. Бұған дейін Зеленкий онлайн қатысады деп айтылған.

Басқосу қарсаңында Жапонияда «Хиросима атом соғысына қарсы» саммитіне қарсы бейбіт акция өтіп жатыр.

Үлкен жетілік – Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция, Канада, Жапония мен АҚШ-ты біріктіретін бейресми халықаралық клуб.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға