Жаңалықтар

Хиджаб киген қыздардың төбелесі желіні шулатты

Хиджаб киген қыздардың төбелесі желіні шулатты
Фото: Видеодан кадр 04.12.2023 11:31 8849

Әлеуметтік желіде хиджаб киген бірнеше қыздың төбелесіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хиджаб киген екі қыздың бір қызды жабылып тепкілеп жатқаны жұрттың жағасын ұстатты. Ria.ru мәліметінше, оқиға Дағыстан астанасы Махачқалада болған. 16 және 17 жастағы екі қыз 13 жастағы қызды ұрып-соққан.

Дағыстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мән-жайды айтты.

Махачқала полициясы видеодағы қыздарды анықтап, ата-аналарымен бірге қосымша тергеу үшін полиция бөліміне жеткізді. 16 және 17 жастағы екі қыз - Махачқала тұрғындары, - делінген хабарламада.

Төбелес 20 қыркүйекте болғаны белгілі болды. Төбелеске қыздар арасындағы өзара келіспеушілік себеп болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға