Харбин-2025: кёрлингтен әйелдер құрамасы жартылай финалға жолдама алды

 Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бүгін кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарының топтық кезеңін аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шешуші турда біздің спортшылар Қытайдың Гонконг командасымен ойнап, 8 эндтен кейін 6-3 есебімен басым түсті.

Біздің кёрлинг шеберлеріміз матчтың орта тұсына қарай айқын басымдық көрсеріп, ұпай қорын молайтып тастады.

Командамыздың құрамы - Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер*).

Оқи отырыңыз