Жаңалықтар

«Харам қылып жіберді». Желіде қымыздың құрамына қатысты шу шықты

«Харам қылып жіберді». Желіде қымыздың құрамына қатысты шу шықты
Фото: Сыртқы істер министрлігі 16.01.2024 18:24 1847

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі қымыздың құрамын бұзып, харам сусынға айналдырып жібергендер туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауылдың қызымыз ғой. Баяғыдан ауылда өсіп келе жатырмыз. Атқа мініп, шұбат ішіп, қымыз ішіп жүрген қыздардың біріміз. Бірақ қазір бір жерге қымыз ішуге барасың ғой, "ол қымыз ілмейді ғой" дейді. Қалай сонда? Қалай ілмейді ғой? Ол не әңгіме? Қымыз дайындап жатқан адамдар ішіне бірдеңе қосып жатқан жоқсыздар ма? Неге ішкен адам қуып кетеді? Халал затты қалай харам қылып жатсыздар? Жылқы жеті қазынаның бірі емес пе?! Содан шыққан қымызды, қасиетті ақ затты қандай мақсатта пайдаланып жатсыздар немесе қандай мақсатта ішесіздер? Қазір ішуге ұяласың, - дейді видео авторы.

Ал желі қолданушылары қымыздың құрамын тексеру керек екенін айтып жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Berzhanova Aray| Блогер| Мобилогрф| Ақтөбе (@berzhanova_0404)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға