«Ханбок, каллиграфия және дорамалар»: Хангыль күнінің 100 жылдығы қалай өтті?

«Ханбок, каллиграфия және дорамалар»: Хангыль күнінің 100 жылдығы қалай өтті?
Фото: El.kz/Амангүл Тілейқызы

Корей мәдени орталығында Хангыль күнінің 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараға корей тілін үйреніп жүргендер мен елдің дәстүрлі мәдениетіне қызығатын жастар жиналды. 

Қатысушылар алдымен өз есімдерін корей тілінде жазуды үйренді. 

El.kz/Амангүл Тілейқызы 
El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Одан кейін корей халқының ұлттық киімі – ханбокты киіп көріп, арнайы безендірілген фотозонада естелік суретке түсті.

El.kz/Амангүл Тілейқызы 
El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Шара барысында корей каллиграфиясы мен дәстүрлі желпуіштерді безендіру бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. 

El.kz/Амангүл Тілейқызы 
El.kz/Амангүл Тілейқызы 
El.kz/Амангүл Тілейқызы 
El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Орталыққа жұбымен келген Диана корей мәдениетіне жасөспірім кезінен қызығатынын айтты.

El.kz/Амангүл Тілейқызы 
El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Бұрын дорамаларды жиі көрген ол қазір уақытының аздығына байланысты анда-санда корей әндерін тыңдайтынын айтты. 

Жасөспірім кезімде корей дорамаларын көретінмін. Қазір оған уақыт табыла бермейді, кейде әндерін тыңдаймын. Бұл орталыққа алғаш рет келдім. Ханбок өте әдемі екен, кигенім өзіме ұнап тұр, – деді Диана.

Тағы бір қатысушы Балауса шараға құрбысының ұсынысымен келген. Оның айтуынша, бұл кездесу корей мәдениетіне деген қызығушылығын арттырған. 

El.kz/Амангүл Тілейқызы 
El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Құрбым айтқан соң келдім. Корей мәдениетімен енді жақынырақ танысып жатырмын. Дорамаларды кейде көремін, бірақ көп емес. Орталыққа да алғаш рет келіп, ханбокты бірінші рет киіп көрдім. Өте ұнады. Енді Кореяға баруға да қызығушылығым оянып жатыр, – деп әсерімен бөлісті ол.

Айта кетейік, Хангыль – XV ғасырда Ұлы Седжон патшаның бастамасымен жасалған корей жазу жүйесі. Ал Хангыль күні корей әліпбиінің жасалуы мен жариялануын, оның мәдени маңызын дәріптеуге арналған.

Мерекенің тарихы 1926 жылдан басталады. Сол жылы корей тілін зерттеу қоғамы, қазіргі Хангыль қоғамы, алғаш рет «Гагя күнін» атап өткен. Биыл осы мерекенің алғаш тойланғанына 100 жыл толды.

El.kz/Амангүл Тілейқызы 
El.kz/Амангүл Тілейқызы 

Оқи отырыңыз