Жаңалықтар

Халықтың сайлауға деген белсенділігі жоғары

Халықаралық байқаушылар сайлау барысы туралы пікір білдірді
Халықтың сайлауға деген белсенділігі жоғары
Фото: El.kz 20.11.2022 16:14 1338

Сайлау барысын халықаралық байқаушылар да бақылауда, деп хабарлайды El.kz.

Мексиканың федералды депутаты Карла Эстрейа Диас Гарсиа бақылаушы жұмысын таңертеңнен бері бастап кеткендігін айтты.

«Сайлау процесі сағат таңғы сағат 07:00-ден басталды. Халықтың сайлауға қатысуға деген қызығушылығын өз көзімізбен көрдік. Тіпті кезекке тұрып жатқандары болды. Осылайша сайлау арқылы елімізде демократия орнайды. Мексикада да сайлау осылай өтеді», - деді ол.

Мексиканың федералды депутаты (Мексика) Олимпия Тамара Хирон Эрнандес те халықтың дауыс беруге деген ынтасы зор екенін атап өтті.

«Мені таңғалдырғаны тұрғындар сайлауға өздері ғана келмей, отбасын бірге алып келді. Бұл олардың мемлекет алдындағы жауапкершілігін сезінгендігінің белгісі. Біз сайлаудың әділ өтуіне атсалысып жатырмыз. Мұндай сайлаудың ел үшін маңызы зор екенін атап өткім келеді», - деді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға