Жаңалықтар

«Халықтың ақшасы кімде кетті?» ҚПЛ тарихында ең көп жалақы алған футболшылар

«Халықтың ақшасы кімде кетті?» ҚПЛ тарихында ең көп жалақы алған футболшылар
Фото: Коллаж El.kz 07.11.2023 18:25 10095

Футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрі. Соған сәйкес әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшылар тізімінің алдыңғы қатарын Кришитану Роналду мен Лионель Месси секілді жұлдыздар бастап тұр. Ал, елімізде қалтасы қалың футболшылар тізімін кім бастап тұр? Қазақстан премьер-лигасы тарихында ең көп жалақы алған спортшылар кім?

8.Марин Томасов (Хорватия, «Астана»), Жуниор Кабананга (ДР Конго, «Астана»), Бауыржан Исламхан (Казахстан, «Астана») — айына 60 мың доллар

Жоғарыда көрсетілген спортшылар қазір өзге клубтарда өнер көрсеткенімен, статистикадағы клубта айына 60 мың доллар жалақы алған. Бірақ, мұнда ешқандай сыйақы мен бонустарды қоспағандандағы спортшылар алатын қаражат соммасы.

7.Андерсон Сантана (Бразилия, «Ақтөбе»), Данило Сирино (Бразилия, «Ақтөбе») — айына 61 мың доллар

Бұл екі ойыншының алатын жалақысы туралы ақпаратты 2015 жылы сол уақыттағы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жариялаған болатын.  Екі ойыншыда ҚПЛ-да ауыз толтырып айтарлықтай керемет ойынымен көзге түспеді. Бірақ, бұның өзі оңтүстік америкалықтарды Қазақстан премьер лигасы тарихындағы ең көп жалақы алатын футболшылар тізіміне енуге кедергі болмады.

6.Данило Неко (Бразилия, «Ақтөбе») — айына 71,7 мың доллар

Бразилиядан келген бұл футболшының жалақысы туралы деректер де жоғарыда аталған 2015 жылғы әкімнің жариялаған ақпаратынан алынған. Бірақ, сол уақытта аймақ әкімі спортшылардың жалақыларын доллармен емес еуромен көрсеткен. Ал, біз қазіргі валюта бағамымен еуроны долларға алмастырып есептедік.

5.Маркос Пиззелли (Армения, «Ақтөбе») — айына 75 мың доллар

«Ақтөбе» футболшыларының жалақы көрсеткіштері Бердікбек Мәшбекұлының жариялаған ақпараттың арқасында белгілі болды. Армения ұлттық құрамасына натурализация арқылы енген бразилиялық Қазақстанда айына 75 мың доллар табыс тапқан.

4.Анатолий Тимощук (Украина, «Қайрат») — айына 91,7 мың доллар

Украинаның бұқаралық ақпарат құралдары 3 дүркін чемпионы Украина, 2 дүркін Германия және 2 дүркін Ресей чемпионатының жеңімпазы Қазақстанда жылына 1 млн долларға жуық қаражат алады деп ресми мәлімдеге жасады. Бірақ, украиналық «Слово і Діло» басылымы нақты ақпарат берді. Олардың мәлімдеуінше, Тимощук «Қайрат» сапында өнер көрсеткені үшін жылына 1,1 млн доллар жалақы алып келген.

3.Вагнер Лав (Бразилия, «Қайрат») — айына 100 мың доллар

Вагнер Лав «Қайрат» футбол клубы қатарына 2020 жылы толықтырды. Айта кетейік, ол кезде алматылық клубтың басшылығының жомарттылығына шек жоқ еді. Өйткені, басшылық орындарда қалтасы қалың азаматтар болды. Кейбір, дерек көздерге сүйенсек Вагнер ҚПЛ-да өнер көсеткені үшін 1,2 млн доллар жалақы алып отырған. Бірақ, ең қызығы алғашында бразилиялық келісімшартқа қол қоярда жылына 700 мың доллар ақшаға келісілген.

2.Андрей Аршавин (Ресей, «Қайрат») — айына 120 мың доллар

БАҚ-тан алыған ақпараттарға сүйенсек, ресейлік мегажұлдыздың Алматыда жүріп жылына тапқан табысы 1,5 млн доллар. Ал, бұл сандарға сыйақылар мен бонустарды қосқанда Аршавиннің  алатын соммасы екі есе көбейеді екен. Мысалы, 2,5 млн теңге.

 1.Жерар Гоу (Кот-д’Ивуар, «Қайрат») — айына 160,5 мың доллар.

Егер, ивурлық БАҚ-тың ақпараттарына сүйенсек, онда футболшыға Алматы қаласының командасы 1 млн доллар мен 2 млн доллар аралығындағы қаражат соммасын ұсынған. Ал, Қазақстандың журналистер оның "Қайраттағы" жалақысы айына 100 мың долларды құрады деп жазды. Бірақ, жоғарыдағы сандар ешбір бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланбады. Бірақ, уикипедияда көрсетілген сандар бойынша, Гоу әріптпесі Аршавиннен қарағанда көп жалақы алған. Мойындау керек, Жерер Гоу сол уақытта бірге өнерсеткен әріптесі Аравшавнннен жақсырақ әлі сапалырақ ойнады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға