Жаңалықтар

Халықты қабылдау пункттеріне мыңнан аса адам жүгінді

Халықты қабылдау пункттеріне мыңнан аса адам жүгінді
Фото: Polisia.kz 04.03.2024 14:43 440

Сағат 14:00-тегі жағдай бойынша халықты қабылдау пункттерінде 1132 адам жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы аудан әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес, қалада 384 қабылдау пункті ашылды: 229 мектеп және 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион. Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу пункттерінде жүр.

Айта кетейік, Алматыда 120-дан астам патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Алматыда жол жағдайы тұрақты және бақылауда: бағдаршамдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қаланың негізгі көлік артериялары қолмен реттеуге көшті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға