Жаңалықтар

Халықты 30 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

Халықты 30 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Фото: polisia.kz 19.01.2023 17:03 1091

Алаяқ әйел 2022 жылдың мамыры мен 2023 жылдың қаңтары аралығында кәсіпкерлікті дамыту үшін тегін грант қаражатын алып беремін деп 25 адамды алдаған. Нәтижесінде, алаяқ 30 млн теңге иемденген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тексеру барысында күдікті 31 жастағы Алматы облысының тумасы екені белгілі болды.

«Ол бұрын да дәл осындай алаяқтық қылмысын жасап, сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Аталған дерек негізінде ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды», деп жазылған Polisia.kz  сайты таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға