Жаңалықтар

Халықаралық қысқы турнирде спортшыларымыз үш медаль ұтып алды

Халықаралық қысқы турнирде спортшыларымыз үш медаль ұтып алды
Фото: ujnosahalinsk 28.02.2023 15:03 729

«Азия балалары» ІІ қысқы ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруде қазақстандық спортшылар Илья Мизерных алтын, Илья Шильников күміс, Софья Шишкина қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Азия балалары» халықаралық қысқы ойындары Ресейдің Междуреченск қаласында өтіп жатыр. 28 ақпанда шаңғы трамплинінен секіру сайысы өтті. Спорттың бұл түрінен көптеген елдерден келген 30-дан астам спортшы жүлдеге таласты.

«Мұндай турнирлерге қатысу және жеңіске жету жасөспірімдеріміз үшін құнды тәжірибе. Сондай-ақ бұл елімізде қысқы спорт түрлері дұрыс бағытта дамып жатқанын көрсетеді. Жас спортшыларға шеберліктерін жетілдіру және шыңдау үшін мықты қарсыластармен бәсекелесу өте маңызды. Балаларды осы жетістіктерімен құттықтаймын және оларға болашақта да жарқын жеңістер тілеймін», - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға