Жаңалықтар

Халықаралық іздеуде жүрген теріс діни ағым өкілі Шымкентте ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген теріс діни ағым өкілі Шымкентте ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 05.10.2023 11:14 860

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы көрші елдің азаматын құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ІІМ мәліметінше, Өзбекстан Республикасында ірі көлемде ұрлық жасап, тергеу мен соттан қашып жүрген ер адам қала аумағындағы көшелердің бірінде қолға түсті.

Қабылданған шұғыл шаралар нәтижесінде Шымкент полицейлері халықаралық іздеудегі күдіктіні екі ай ішінде іздеп тапты.

Тәртіп сақшылары ел аумағында заңсыз жүргенін және теріс діни ағымды ұстанушылардың қатарынан екенін анықтады. Қазіргі таңда шетелдік қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға