Жаңалықтар

Халықаралық іздестіруде жүрген шетелдік азамат ШҚО-да ұсталды

Халықаралық іздестіруде жүрген шетелдік азамат ШҚО-да ұсталды
Фото: polisia.kz 29.09.2023 16:33 464

Халықаралық іздестіруде жүрген шетелдік азамат ШҚО-да ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдары Өскемендегі жалдамалы пәтерлердің бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шетелдік қылмыскерді ұстады. 39 жастағы өзбекстандық бір жылдан астам уақыт бойы ауыр қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда ірі көлемде мүлік ұрлағаны үшін халықаралық іздестіруде болған.

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзбекстан Республикасындағы әріптестерімізге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді, – деді ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері іздестіруде жүрген 80-нен астам қылмыскерді ұстаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға