Жаңалықтар

Халықаралық байқаушылар сайлау учаскелеріне барды

Халықаралық байқаушылар сайлау учаскелеріне барды
Фото: El.kz 19.03.2023 10:38 1006

Елордадағы №139 сайлау учаскесіне халықаралық байқаушы Бьорн Седер келді, деп хабарлайды El.kz акпараттық агенттігі.

Қазақстандағы сайлауға алғаш рет қатысып отырған Швеция мемлекетінің Парламент депутаты байқаушы ретінде не байқағанын айтты.

Қазақстанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан келген әртүрлі топтар жұмыс істеп жатыр. Мен ұйымның атынан бүгінгі сайлауды бақылауға келдім. Шамамен 10-20 сайлау учаскесіне барып, тексеріп шығуымыз керек. Әзірге сайлаудың қалай өтіп жатқанына қатысты пікір білдіре алмаймын, - деді байқаушы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға