Жаңалықтар

Халықаралық байқаушылар сайлау учаскелеріне барды

Халықаралық байқаушылар сайлау учаскелеріне барды
Фото: El.kz 19.03.2023 08:33 484

Ұжымдық қауіпсіздік шартын ұйымдастыру ұйымының өкілдері елордадағы сайлау учаскелерін аралап, жұмысын бақылауда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сайлау учаскелері өз жұмысын бастағаннан бері бір сағат ішінде 4 сайлау учаскесін аралап үлгердік. Біздің байқауымызша тұрғындар өте белсенді дауыс беруде. Әзірге ешқандай ереже бұзылған жағдай тіркелмеді. ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілік мәслихат депуттаттарын сайлау жоғары дәрежеде өтіп жатыр.  Мүгедектерге және арнайы көмекті қажет ететін жандарға да барлық мүмкіндік қарастырылып, жеке кабинка орналастырылған. Учаскелердегі комиссия мүшелерінің жұмысына, байқаушылардың пікіріне және дауыс беруге келіп жатқан тұрғындардың көңіл-күйіне, белсенділігіне мән берудеміз,-деді халықаралық байқаушы Александр Иванович.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға