Жаңалықтар

Халықаралық байқаушы халықтың жақсы көңіл-күймен, ешқандай қысымсыз дауыс бергенін айтты

Халықаралық байқаушы халықтың жақсы көңіл-күймен, ешқандай қысымсыз дауыс бергенін айтты
Фото: El.kz 20.03.2023 11:18 571

Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың Дуайені Монтасир Абузеид Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кеше 20-дан астам сайлау учаскесіне бардым. Халық өте жақсы көңіл-күймен, ешқандай қысымсыз дауыс берді. Мен Қазақстанда халықаралық байқаушы ретінде 5-ші рет жұмыс істедім. Жалпы сайлаудың өту барысына толығымен көңілім толды. Себебі сайлау заңның аясында жүргізілді, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға