Жаңалықтар

Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа басшы тағайындалды

Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа басшы тағайындалды
Фото: gov.kz 06.11.2023 05:30 500

Әлия Оспанова Bolashaq бағдарламасының әкімшісі болып табылатын Халықаралық бағдарламалар орталығын басқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1987 жылы 15 тамызда Талдықорған қаласында дүниеге келген.

Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің, Империялық колледжінің (Ұлыбритания) және Quantic бизнес мектебінің (АҚШ) түлегі. 10 жылдан астам халықаралық ұйымдарда (Microsoft, Microsofticsson, RELX Group (Elsevier), сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтер атқарды, одан бөлек ТМД елдерінде білім мен ғылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысты. Білім және ғылым саласындағы халықаралық сарапшы.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға