Жаңалықтар

«Халық тарапынан шағым көп». Аймағамбетов МӘМС-ке қатысты бірқатар мәселені атады

«Халық тарапынан шағым көп». Аймағамбетов МӘМС-ке қатысты бірқатар мәселені атады
Фото: GOV.KZ 09.10.2023 11:43 865

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Мәжілістегі үкімет сағатында МӘМС-ке қатысты бірқатар мәселеге тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы жылдың ақпан айынан бастап барлық медициналық қызметке «Шектік» шкала енгізілді. Ол дегеніміз не? «Шектік» шкала деген – əр медициналық қызмет түрі бойынша, əр емханаға нақты белгіленген квота тəрізді механизм. Бұл əдіс қаражаттың жетіспеуіне байланысты енгізілді. Дайындықсыз қабылданған шешімнің кесірінен мыңдаған адам уақытылы қызмет ала алмай қалды. Нақты мысал. Осы «Шектік» шкала шұғыл медициналық көмекке де тиесілі болып, ауруханалар травматологияға жедел түскен науқастарды тек бекітілген квотаға сəйкес алу керек болды. Ал егер олар көп түссе, бекітілген «шектік» шкаладан көп түскендер үшін ауруханаларға қаражат төленбейтін болды. Осылайша шұғыл көмек көрсетуге лимит қойылған. Бұл деген нонсенс. Адам қолын не аяғын қашан сындырып алатынын, кімде инфаркт болатынын, кім уланып қалатынын алдын ала қалай болжай алады? - деді депутат.

Депутаттың айтуынша, «шектік» шкала азаматтарымыздың бейін бойынша мамандарға көрінуі үшін де қиындықтар туғызды. Ауруханаға келген науқасқа «шектік» шкала шеңберінде осы айда ақша таусылды деп, келесі айларды күту керек деп түсіндіру де нонсенс.

Соның салдарынан халық тарапынан шағым көп түседі. Науқастар бір ай терапевтті күтеді, кейін тағы бір ай бейін бойынша дəрігерді, одан кейін тағы да терапевтке жазылып, оны тағы да күтуге мəжбүр. Сөйтіп жүріп өз қалталарынан төлеп емделеді. Осыған байланысты бірінші кезеңде «шектік» шкаланы жетілдіріп, мекемелерге өз бюджетінің шеңберінде қаражаттарын жылжыту мүмкіндігін беру керек. Одан кейін цифрландыруды жолға қойып, тіпті «шектік» шкаланы алып тастау керек деп санаймыз. Ең қолайлысы - кезең-кезеңмен жартылай «фондодержание» тетігіне келу мүмкіндігін қарастыру керек, - деді Аймағамбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға