Жаңалықтар

Халық суды үнемдегісі келмейді: Смайылов суға жаңа тариф енгізуді тапсырды

Халық суды үнемдегісі келмейді: Смайылов суға жаңа тариф енгізуді тапсырды
Фото: t.me/KZgovernment 02.05.2023 12:26 915

Премьер-министр Әлихан Смайылов су тапшылығы болып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда 600 мыңға жуық қазақстандық сапалы ауыз суға жарымай отыр. Бұл мәселе Үкіметтің бүгінгі отырысында басты тақырыпқа айналды. Ал Үкімет басшысы бұған сумен жабдықтау жүйесіндегі техникалық ақаулардың уақытылы жөнделмеуі және халықтың ауыз суға деген немқұрайлы қарым-қатынасы себеп деп отыр.

Тіпті елорданың өзінде су тапшылығына қатысты мәселе бар. Бұл ретте суды үнемдеу өзекті болып отыр. Өкінішке қарай, өзіміздің көптеген азаматымыз суды үнемдегісі келмейді, - деді премьер-министр.

Ал мұны шешу үшін цифрландыру мен тиімді тариф енгізу көмек болуы мүмкін екенін айтады.

Смайылов Ұлттық экономика министрі мен индустрия және экология министрліктеріне бірлесіп суға жаңа тариф енгізу мәселесі бойынша ұсыныстар беруді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға