Жаңалықтар

Халық шаруашылығы университеті Оксфордтағы білім ордасымен ынтымақтастыққа қол жеткізді

Халық шаруашылығы университеті Оксфордтағы білім ордасымен ынтымақтастыққа қол жеткізді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 16.09.2023 15:25 405

Нархоз университеті Оксфорд университетімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты бастады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2023 жылдың ақпанында Нархоз университетінің делегациясы ресми сапармен Оксфорд университетіне (Азия және Таяу Шығысты зерттеу факультеті) барды. Оксфорд университетінің жауап ретіндегі Нархозға сапары 2023 жылдың сәуірінде өтті, оның аясында Түркі философы Шейх Ахмад Таразидің "Кемелдік ғылымы" қолжазбасының жалғыз ресми көшірмесі Нархозға берілді, ал қолжазбаның өзі Бодлиан кітапханасында жалғыз данада сақтаулы. Аталған сапар аясында Оксфорд, Нархоз және А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында бірлескен зерттеулер жүргізу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылармен алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қыркүйек айында Нархоз Оксфорд зерттеушілерін әртүрлі пәндік салалардағы Нархоз студенттеріне зерттеу жүргізу, жұмыс кездесулері мен дәрістер өткізу үшін қабылдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға