Жаңалықтар

Халық пен билік біртұтас болуы керек - Серік Негимов

Халық пен билік біртұтас болуы керек - Серік Негимов
Фото: enu.kz 19.03.2023 18:45 961

Белгілі ғалым Серік Негимов сайлауға барып, елдің беделін көтеретін атқамінерлерге дауыс бергенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді саяси тұрғыдан жаңғыртудың бағыт-бағдарын ұсынды. Алдымен Конституциялық сот құрылды. Одан кейін Президентті жеті жыл сайлау, Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттардың сайлаудың жаңа тәртібін енгізуінен байқаймыз. Бүгін сайлауға барып, ең таңдаулылардың таңдаулыларына дауыс беріп қайттым. Елдің, мемлекеттің, халықтың әл-ауқатын арттыратын, беделін көтеретін, еліміздің экономикасын, мәдениетін дамытатын бірегей тұлғаларға дауыс бердім. Халық пен билік біртұтас болуы керек. Билік халықты тыңдау керек. Халық билікті тыңдау керек. Біздің еліміздің мәртебесін әлемдік қауымдастықта асқақтату керек”,- деді Серік Негимов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға