Жаңалықтар

Халық лайықты кандидатқа дауыс бергеніне сенімдімін – Шолпан Қорғанбек

Халық лайықты кандидатқа дауыс бергеніне сенімдімін – Шолпан Қорғанбек
Фото: El.kz 19.03.2023 15:23 955

Таңнан басталған саяси додаға еңкейген кәріден бастап келіп жатыр. Сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасаған сайлаушылардың легі толастаған жоқ. Ел үшін маңызды науқаннан қалыс қалуға болмайды деген сайлаушылардың қатарында «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі Шолпан Ділдәбекқызы да бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін қазақ елінің барлығы да дауыс беруге асығып жатыр. Нағыз қазақтың елін, жерін, жоғары деңгейге көтеріп, болашағының жарқын болуына үлес қосатындай лайықты кандидатқа дауыстарын беретініне сенімдімін. Сайлау мемлекетті демократияландырудың негізін құрайды, сондықтан біздің қоғам дұрыс бағытта жүреді. Көптеген сайлаушылар мерекелік көңіл-күйде. Елорда тұрғындары өздерін жақсы жағынан көрсете алатын депутаттыққа лайықты кандидаттарды таңдағанына сенімдімін. Сайлау учаскелерінің жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырған және сайлау алдындағы жарысқа қатысқандардың барлығына сәттілік тілеймін», - дейді.

Қала тұрғындары бұл күнді жылулықпен еске алады. Таңертеңнен бастап мұнда патриоттық әндер шырқалды және жалпы бірліктің ерекше таңғажайып атмосферасы орнады деген пікірде. Ол №367-ші сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Біз елдегі одан әрі бейбіт өмірге, тыныштық пен экономикалық тұрақтылыққа үміттенеміз. Бүгінгі таңда мемлекет әлемдік деңгейде танымал болып келе жатқан ұлттық мәдениетті дамытуға көп көңіл бөлетіні қуантады. Барлық қазақстандықтарда ең бастысы денсаулық болсын, еліміз көркейіп, әрқашан беделін жоғалытпасын», – дейді Шолпан Қорғанбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға