Жаңалықтар

«Халқым үшін» дейтін әншілер фонограммамен концерт береді - Молданазар

«Халқым үшін» дейтін әншілер фонограммамен концерт береді - Молданазар
Фото: Видеодан кадр 16.04.2024 13:35 382

Әнші және сазгар Ғалымжан Молданазар Dope soz подкастында шығармашылыққа қатысты ой бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбатты қарап қалсаң әртістер көп. Олар сонша кімдер? Музыкант ол  - музыкант. Бәрінде бір арзан әзіл, бірдей оқиға, қиналған, сосын жеткен. Қазір қоғам нені жақсы көреді, соның айналасындағы дүниені айтады. Бәріміз қазір қорқамыз. Қазіргі қоғам қолдап жатқан нәрсеге қарсы бірнәрсе айтсаң сені жаман қылып жібереді. Сенің концертіңді өткізбей тастайды, - дейді әнші.

Өнер иесі қоғамның тарапынан жаппай қарсылық туындайтын жағдайлар қиын соғатынын айтып қалды.

Қазір қиын ғой. Маған бұл нәрсе ұнамайды. Сұхбатқа сол үшін көп барғым келмейді. Біреуге арнайы ұнағым келмейді. Бір жағдай болған. Радиода тікелей эфирде отырғанда "Мен өзім үшін ғана жұмыс істеймін" деп айтқан едім. Сол кезде бір кісі хабарласып, ренішін білдірді. "Неге сен халық үшін деп айтпайсың? Сен халықтың арқасында ақша тауып отырсың", - деді. Әр шығармашылық өзі үшін, өзінің жүрегінен шығуы керек. Халық үшін дейтіндер фонограммамен концерт беріп, халықтың ақшасын жинап алып, "халқым, сіздер үшін" деп айтатындарға соған күлкің келеді, - дейді Ғалымжан Молданазар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға