Жаңалықтар

«Хабар» арнасында өтетін теледебатқа кімдер түсетіні белгілі болды

«Хабар» арнасында өтетін теледебатқа кімдер түсетіні белгілі болды
Фото: pixabay 16.03.2023 17:27 988

16 наурыз сағат 20:00-де «Хабар» арнасында ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауына қатысатын саяси партиялардың теледебаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Теледебатқа партия атынан:

«Amanat» саяси партиясынан – Қошанов Ерлан Жақанұлы,

«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясынан Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы;

«Respulica» партиясынан Қожаназаров Айдарбек Асанұлы;

«Қазақстан халық партиясынан – Оксана Әубәкірова;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан – Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы;

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан – Перуашев Азат Тұрлыбекұлы;

«Жалпыұлттық социал+демократиялық партиясынан» - Әуесбаев Нұрлан Сатыпалдыұлы қатысады.

«Хабар» арнасында өтетін теледебатқа кімдер түсетіні белгілі болды

Теледебат регламент бойынша үш раундтан тұрады.

Бірінші раундтың өзі екі турға бөлінген. Алғашқысында қатысушылар өз партияларын таныстырады. Атап айтқанда, партияның мақсат-мұраты, саяси кеңістіктегі орны мен халықтың тұрмыс-тіршілігін қалай жақсартатыны туралы мәлімет береді. 2 минутта таныстырып үлгеруларі тиіс. Бірінші раундтың екінші турында қатысушылар қарсыластарына өткір, өзекті сұрақ қоя алады.

Екінші раунд «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы» деп аталады. Ол да екі турға бөлінген. Бірінші турда қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламалары аясында Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық жағынан қалай дамытатыны туралы айтады. Оған да 2 минут уақыт беріледі. Ал екінші турында партия өкілдері «Хабар» агенттігі арнайы ұйымдастырған Call орталыққа көрерменнен келіп түскен бір сұраққа жауап береді.

Үшінші раундта теледебат қатысушылары «Сайлаушыларға үндеу» жасайды. Әр қатысушыға 1,5 минуттан уақыт беріледі. Теледебатты «Хабар» телеарнасының Youtube және Facebook әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирден көруге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға