Жаңалықтар

«Хабар» арнасына жаңа бас продюсер тағайындалды

«Хабар» арнасына жаңа бас продюсер тағайындалды
Фото: facebook.com/kemelbek.oishybayev 03.11.2023 10:00 1372

«Хабар» телеарнасының бас продюсері қызметіне Дастан Шымырбаев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлімдеді.

Дастан - журналист, көп жыл бойы отандық телеарналарда редактор, жобалардың жетекшісі, продюсер қызметтерін абыроймен атқарған тәжірибесі мол маман. Оның ішінде «КТК» телеарнасында жаңалықтардың редакторы, «Еуразия» телеарнасының бас продюсері, «31 арнада» бірқатар жобаның жетекшісі болып қызмет істеді. Сәтті шыққан көптеген бағдарламалардың авторы. Яғни идея мен істі ұштастыра білетін білікті азамат, - деп жазды «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға