Ғылыми-фантастика жанры: кітап желісімен түсірілген ең үздік 10 фильм

Ғылыми-фантастика жанры: кітап желісімен түсірілген ең үздік 10 фильм
Фото: AI көмегімен жасалды

Көпшілік кітаптың экранизациясы түпнұсқадағы әсерді бере алмайды деп есептейді. Расында, әдеби шығармадағы кейіпкерлердің ішкі әлемі мен автор жеткізгісі келген идеяны кино тілімен дәл беру оңай емес. Соған қарамастан, әлемдік кинода романнан да жоғары бағаланған фильмдер бар.

Collider басылымының кино шолушылары ғылыми-фантастика жанрындағы кітап желісімен түсірілген ең үздік он фильмді іріктеді. Бір қызығы, рейтингтің алғашқы екі сатысын кеңестік режиссер Андрей Тарковскийдің туындылары иеленген.

  1. «Сталкер» (1979)

Аркадий мен Борис Стругацкийлердің «Пикник на обочине» романы бойынша түсірілген бұл фильм ғылыми-фантастика жанрындағы ең терең философиялық туындылардың бірі саналады. Оқиға адамдардың ең асыл тілегін орындайтын жұмбақ бөлмені іздеуге аттанған үш кейіпкердің төңірегінде өрбиді. Киносыншылардың пікірінше, Андрей Тарковский романның идеясын жаңа деңгейге көтеріп, кинематография тарихындағы ең үздік экранизациялардың бірін жасаған.

Фото: Mosfilm
Фото: Mosfilm
  1. «Солярис» (1972)

Станислав Лемнің әйгілі романы негізінде түсірілген фильм ғарыш станциясына келген ғалымның өткен өмірімен бетпе-бет келуі туралы баяндайды. Ғылыми-фантастикадан гөрі психологиялық драмаға жақын бұл шығарма адамның ар-ұжданы, өкініші мен махаббатын терең зерттейді. Көпшілік оны Тарковскийдің ең әсерлі туындыларының бірі деп есептейді.

Фото: Mosfilm
Фото: Mosfilm
  1. «Бегущий по лезвию» (1982)

Филип Диктің «Мечтают ли андроиды об электроовцах?» романының желісімен түсірілген фильм киберпанк жанрының символына айналды. Болашақтағы әлемде бұрынғы полицей қашып кеткен репликанттарды іздеуге кіріседі. Картина жасанды интеллект пен адам болмысының ара-жігін көрсетіп, бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан сұрақтарды көтереді.

Фото: Warner Bros
Фото: Warner Bros
  1. «Заводной апельсин» (1971)

Энтони Бёрджестің романы негізінде түсірілген бұл фильм қоғамдағы зорлық-зомбылық пен адамның еркін таңдау құқығы туралы ой қозғайды. Бас кейіпкер – қатыгез жасөспірім Алекс арнайы тәжірибе арқылы «тәрбиеленуге» мәжбүр болады. Фильм жарық көргеннен кейін көптеген елде қызу пікірталас туғызған.

Фото: Warner Bros
Фото: Warner Bros
  1. «Дюна: Часть вторая» (2024)

Фрэнк Герберттің әлемге әйгілі «Дюна» романының жалғасы саналатын фильм Пол Атрейдестің тағдыры мен Арракис планетасы үшін күресті баяндайды. Дени Вильневтің туындысы ауқымды көріністері, визуалды шешімдері мен романның идеясын дәл жеткізе алғаны үшін жоғары бағаланды.

Фото: Warner Bros
Фото: Warner Bros
  1. «Парк Юрского периода» (1993)

Майкл Крайтонның аттас романы бойынша түсірілген фильм гендік инженерияның мүмкіндігі мен қаупін көрсетеді. Ғалымдар динозаврларды қайта тірілткен саябақтағы оқиға бір сәтте бақылаудан шығып кетеді. Стивен Спилбергтің бұл туындысы кино тарихындағы ең ықпалды ғылыми-фантастикалық фильмдердің бірі болып саналады.

Фото: Universal Pictures
Фото: Universal Pictures
  1. «Дитя человеческое» (2006)

Филлис Дороти Джеймстің романы негізінде түсірілген фильмде адамзат жойылып кетудің алдында тұр. Себебі әлемде балалар дүниеге келмей қойған. Осындай қиын кезеңде күтпеген жерден жүкті болған қыз бүкіл адамзаттың соңғы үмітіне айналады. Фильм әлеуметтік және саяси мәселелерді де терең қозғайды.

Фото: Universal Pictures
Фото: Universal Pictures
  1. «Нечто» (1982)

Джон В. Кэмпбеллдің «Кто идёт?» повесі бойынша түсірілген бұл хоррор ғылыми-фантастика жанрының классикасына айналған. Антарктидадағы зерттеу станциясында белгісіз тіршілік иесі адамдардың бейнесіне еніп, олардың арасына іріткі салады. Фильм бүгінге дейін ең қорқынышты ғылыми-фантастикалық картиналардың бірі саналады.

Фото: Universal Pictures
Фото: Universal Pictures
  1. «Планета обезьян» (1968)

Пьер Бульдің романы негізінде түсірілген фильмде ғарышкерлер адам емес, маймылдар билік жүргізетін әлемге тап болады. Туынды қоғам, өркениет және адамзаттың болашағы туралы өткір ойларымен ерекшеленеді. Финалдағы күтпеген бұрылыс кино тарихындағы ең есте қалған көріністердің бірі саналады.

Фото: 20th Century Studios
Фото: 20th Century Studios
  1. «Дикий робот» (2024)

Питер Браунның балаларға арналған романы бойынша түсірілген анимациялық фильм табиғат аясында жалғыз қалған роботтың жаңа өмірге бейімделуін баяндайды. Бастапқыда тек тапсырма орындауға арналған кейіпкер уақыт өте келе достықтың, жанашырлықтың және аналық мейірімнің мәнін түсінеді. Фильм 2024 жылдың ең жоғары бағаланған анимациялық туындыларының бірі атанды.

Фото: Universal Pictures
Фото: Universal Pictures

Оқи отырыңыз