Жаңалықтар

Ғылымдағы кадрлар қартайып кетті – Саясат Нұрбек

Ғылымдағы кадрлар қартайып кетті – Саясат Нұрбек
Фото: gov.kz 17.05.2023 17:54 614

Мәжілісте Үкімет сағатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми институттар мен орталықтардың кадрлық әлеуеті туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде елімізде 22 456 ғылыми кадр бар. Зерттеушілердің 37 пайызы ғылыми және академиялық дәрежеге ие, бұл – жоғары көрсеткіш емес. Жас ғылымдарға тоқталсақ, зерттеушілердің 34 пайызын – 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар, негізгі топ 43 пайыз – 35-54 жастағы ғалымдар, 55 жастан асқан ғалымдар 23 пайызды құрайды, - деді Саясат Нұрбек.

Министр кадрлар арасында басшылардың қартайып кеткенін мойындады.

Бірақ ғылыми зерттеу институттарының басшылығына келетін болсақ, осы жерде басшы кадрлардың қартаюын байқап отырмыз. Ғылыми зерттеу институттары басшыларының орташа жасы – 59 жас, ал Ұлттық ғылым академиясындағы академиктердің орташа жасы – 69 жас, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға