Жаңалықтар

Гүлмира Сатыбалды Тұрсен Алагөзовке 6,5 млрд теңгенің акцияларын қайтарады

Гүлмира Сатыбалды Тұрсен Алагөзовке 6,5 млрд теңгенің акцияларын қайтарады
Фото: Гүлмира Сатыбалды / Тұрсен Алагөзов 04.05.2023 11:19 1127

Сот кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің Гүлмира Сатыбалдыдан Galanz Bottlers компаниясының акцияларын қайтару туралы талабын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды. Бұл туралы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алагөзовтің моральдық және материалдық залалды өндіріп алу туралы талабы ішінара қанағаттандырылсын. Гүлмира Сатыбалдыдан жәбірленушінің пайдасына Galanz Bottlers-тің 40 млн 355 мың 912 жай акциясын қайтару және беру жолымен 6 млрд 584 млн 244 мың 88 теңге материалдық залал өндіріліп алынсын, - деді судья Кемеңгер Имашев.

Сондай-ақ сот Гүлмира Сатыбалды Алагөзовке моральдық зиянды өтеу ретінде 1 млн теңге төлеуге міндеттелді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Назарбаевтың экс-келіні 7 жылға сотталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға