Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблі Түркияның Амасия қаласында өткен Наурыз фестивалінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фестиваль түркі елдерінің рухани мұрасын насихаттауға бағытталған. Жыл сайын өтетін фестиваль биыл 4 күнге созылды. Қазақстаннан келген қатысушылар «Наурыз» атты басты мерекелік іс-шарада өнер көрсетті.
«Гүлдер» ансамблінің үш солисі фестивальдың концерттік бағдарламасында бірнеше хореографиялық композиция ұсынды. Олардың арасында Анвара Садықова мен Алмат Шәмшиев көрерменнің көңілінен шыққан «Қара жорға», «Алтынай», «Көңіл толқыны», «Мен қазақтың қызымын», «Жетісуым», «Тоқымқағар», «Ермек» би композицияларын қойды. Ұжым мүшелері аталған композицияларды жеке, дуэт және триомен орындады.
Сондай-ақ фестиваль аясында «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова фестиваль қатысушылары мен жергілікті әртістер үшін қазақ биі бойынша шеберлік сабағын өткізді.
«Гүлдер» ансамблі Түркиядағы Наурыз фестивалінде өнер көрсетті
Оқи отырыңыз
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?