Жаңалықтар

Грузияда садақ атудан өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті

Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді
Грузияда садақ атудан өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті
Фото: olympic.kz 18.10.2022 21:27 1967

Батумиде (Грузия) садақ атудан өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Алтын медальдарды Бунед Мирзаматов, Адель Жексенбинова (блокты садақтан ату), Ильфат Абдуллин (классикалық садақ) жеңіп алды. Қазақстан командалық жарыстарда тұғырдың бірінші сатысына үш рет көтерілді (блокты садақ (микс), классикалық садақ (микс және ерлер командасы).

Классикалық садақтан атудан Санжар Мұсаев екінші болды. Сондай-ақ командалар арасындағы жарыстарда Қазақстан екі қола медальға ие болды: ерлер мен әйелдер командалары арасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға