Жаңалықтар

Грузияда қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің өліміне қатысты сот отырысы басталды

Грузияда қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің өліміне қатысты сот отырысы басталды
Фото: facebook.com/Ерболат Алтайұлы 16.02.2024 10:15 1263

Грузияда 2023 жылғы 21 мамырда кісі қолынан қаза тапқан Қазақстан журналисі Жанбота Төлегеннің өліміне қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Айыпталушы Габриэл Хохобашвили сот отырысында өз кінәсін мойындады. 

Габриэл Хохобашвилиге «Жеке басының пайдасы үшін қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. Бұл бап бойынша 16-20 жылға не тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Ата кетейік, Жанбота Төлеген Грузияның шығысындағы Кахетияда, Сагареджо ауылының маңында кісі қолынан қайтыс болды. Айыпталушы Габриэл Хохобашвили Жанботаны алдап, Тбилисиден Кахетияға баруға үгіттеп, кейін басынан кірпішпен ұрып өлтіргенін, ал оның денесін өзенге лақтырып жібергенін мойындады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға