Жаңалықтар

Грузияда қазақстандық тілші көз жұмды: СІМ түсініктеме берді

Грузияда қазақстандық тілші көз жұмды: СІМ түсініктеме берді
Фото: facebook.com/Ерболат Алтайулы 19.06.2023 14:15 1393

Қазақстандық тілші Жанбота Төлеген Грузияда өлтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР СІМ мәліметінше, 24 мамырда еліміздің Тбилисидегі консулдығына Телавиде ҚР азаматының өліміне қатысты хабар түскен.

Күдікті қолға түсті, қазір тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен күдіктінің жеке басына қатысты мәліметтер жарияланған жоқ.

Министрлік Жанбота Төлеген Грузияға демалысқа барғанын алға тартты. Оның денесі Қазақстанға жеткізіліп, 2 маусымда жерленген.

Қазақстанның Грузиядағы консулы жергілікті құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста және аталған мәселе оның жеке бақылауында, - деп мәлімдеді СІМ өкілдері.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға