Жаңалықтар

"Грантқа түсіріп береміз": Ақтауда 100-ден астам адам алаяққа алданып қалды

"Грантқа түсіріп береміз": Ақтауда 100-ден астам адам алаяққа алданып қалды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 04.10.2023 09:05 729

Ақтауда 100-ден астам адам университеттен грант алып беремін деген алаяқтарға алданып, ақша берген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақтаудағы Yessenov университетінде жанжал шықты. Белгісіз біреулер өздерін университет қызметкерімін деп таныстырып, ата-аналарға белгілі бір сомаға балаларына мемлекеттік грант алып беруге уәде берген. Алайда оқу жылы басталғанда, олардың балалары студенттер тізімінде мүлдем жоқ болып шыққан. Бір топ ата-ана университет басшылығына келіп, жағдайды түсіндіруді талап етті. 

Yessenov университетінің баспасөз қызметі ата-аналардың оқу орнына еш қатысы жоқ алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлады.

Қызметтік тексеріс жүргізіліп, әр ата-анаға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс бойынша университет тарапынан да полицияға арыз түсті. Қазіргі уақытта полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға