Жаңалықтар

Грант конкурсында кімдерге квота қаралған?

жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1%;
Грант конкурсында кімдерге квота қаралған?
15.07.2022 06:13 2891

Ұлттық тестілеу орталығы білім гранты конкурсында жеңілдетілген санаттарға бөлінген квотаның үлесін жариялады, деп хабарлайды El.kz.

2022 жылғы квота мөлшері:

- жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1%;

- I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1%;

- жеңілдігі мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;

- ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ талапкерлерге (қандастар) – 4%;

- кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасы балалары үшін – 5%;

- кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1%;

- бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары үшін – 1%.

Жеңілдігі бар оқуға түсушілер керек анықтаманы құзыретті органдардан алады.

- Ауыл квотасы – 35%.

– Айта кетейік, ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер Сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады. Қосымша мәселелерді ЖОО-лардың қабылдау комиссиясынан сұрап білуге болады, – дейді орталықтан.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға