Жаңалықтар

"Грант қателесіп берілген". Грантынан айырылған шымкенттік түлекке министр тегін оқуға көмек көрсетті

"Грант қателесіп берілген". Грантынан айырылған шымкенттік түлекке министр тегін оқуға көмек көрсетті
Фото: Бейнежазбадан скриншот 27.08.2023 17:58 11954

Шымкент қаласының ағымдағы жылғы мектеп түлегі Аяжан Әбдібай Алматы қаласындағы Алматы Технологиялық университетіне көп балалы отбасы ретінде квотамен грантқа түскенімен кейін оған білім гранты қателесіп берілгені мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алайда, университетке құжаттарын өткізуге барған кезінде, отбасында 18-ге толып қойған бауырлары болғандықтан квотаға жатпайтынын, грант қате берілгенін естіген түлекке министр көмек көрсетті. Ғылым және жоғары білім министрінің Алматы шаһары жұртымен кездесетінін ести сала қаршадай қыз көмек сұраған.

Білім алуға құштар Аяжанды, Саясат Нұрбек мұқият тыңдап, жеке қабылдауында университет басшылығына берілген грантты сақтап, Аяжанға сапалы білім беруді тапсырып отыр. 

Осылайша екінші рет білім грантына ие болған түлек министрлікке алғысын жаудырып, кәсіби маман болатынына уәдесін берді.

Осы мәселені бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырзаға айтқанымда, ол кісі бұл мәселені университет басшылығымен ақылдасып, бірден шешіп берді. Осылайша мен АТУ-да қайтадан грантта оқитын болдым. Сол үшін қатты қуанып тұрмын, ол кісіге алғысым шексіз. Грантқа түсіріп бір қуантсаңыз, грантта қалдырып бір қуанттыңыз, сабағымды жақсы оқуға уәдемді беремін, - деді Айжан Әбдібай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға