Жаңалықтар

Головкин Еуропада жекпе-жек өткізуі мүмкін

Оған британдық боксшы жұдырықтасу туралы ұсыныс жасады
Головкин Еуропада жекпе-жек өткізуі мүмкін
Фото: prosports.kz 13.01.2023 04:16 836

Қазақстандық чемпион Геннадий Головкин Еуропада жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Британдық боксшы Крис-Юбэнк кіші Головкинмен өзінің отанында жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Бізге оны Англияға шақырып, жазда супержекпе-жек өткізу керек. Негізінде ол кездесудің қайда өтетіні маңызды емес. Бірақ британиялық ретінде өз елімде өткенін қалаймын. Бірақ егер маған осы жұдырықтасу үшін басқа жаққа бару керек болса, барамын. Алайда оны Брайтондағы Amex-те немесе «Уэмблиде» өткізген жаөсы болар еді. Бұл ареналардың қай-қайсысында болсын керемет аншлаг болатынына сенімдімін, - деді Юбэнк.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға