Жаңалықтар

Global UGRAD бағдарламасына құжаттарды қабылдау кезеңі ашылады

Global UGRAD бағдарламасы студенттерге жаңа мүмкіндіктер береді
Global UGRAD бағдарламасына құжаттарды қабылдау кезеңі ашылады
Фото: kz.usembassy.gov 19.11.2022 15:40 1206

Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі 2023-2024 жылға арналған Global UGRAD бағдарламасына құжаттарды қабылдау кезеңі ашылатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.

Global UGRAD — АҚШ колледжінде немесе университетінде академиялық дәрежесіз бір семестр ішінде оқу үшін көшбасшылық қабілеттері бар студенттерге арналған стипендиялық бағдарлама. Global UGRAD – Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет істері бюросының бағдарламасы және Америка Құрама Штаттарында оқуға басқа мүмкіндіктері болмаған қатысушыларды қолдауға бағытталған. Жеңімпаздар АҚШ қоғамымен, мәдениетімен және академиялық институттарымен терең танысып, кәсіби дағдыларын арттыру мүмкіндіктеріне ие болады.

Талаптар: 

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы бар;
  2. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынның жоғарғы оқу орнында оқитын және Қазақстанда тұратын студенттер;
  3. Global UGRAD бағдарламысының аяқталуынан және Қазақстанға оралғаннан кейін, қазақстандық университетінде кемінде бір семестрі қалатын және күндізгі оқу негізінде оқитын қазақстандық студенттер. 
  4. Global UGRAD бағдарламысының үміткерлері өздерінің көшбасшылық мүмкіндіктері мен білім жетістіктерімен қатар қоғамдық саладағы белсенділігін көрсету керек; 
  5. Сұхбаттан сәтті өткен жағдайда, үміткерлер TOEFL iBT ағылшын тілі тестін тапсыруға жолдама алады. Келесі кезеңге өту үшін үміткерлер кемінде 120 балдан 55 балл алу керек. 48-60 ұпай жинаған студенттер бағдарламаның алмасу бөліміне дейін виртуалды ағылшын тілін оқытуға қабылданады. Таңдалған студенттер Америка Құрама Штаттарындағы бағдарламаның алмасу бөлігіне қатысу құқығына ие болу үшін ең кем дегенде 61 балл жинауы керек. Өтініш беру сәтінде TOEFL тестілеуі талап етілмейді. Сұхбаттан сәтті өткен үміткерлер TOEFL iBT тестін тегін тапсыруға шақырылады. 
  6. АҚШ-та оның алдында оқымаған, АҚШ-та және шетелде болмаған үміткерлерге артықшылық беріледі; 
  7. STEM пәндері, информатика, IT, қоршаған ортаны зерттеу, жаңартылатын энергия көздері және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, сондай-ақ өңірлік жоғары оқу орындарында оқитындарға артықшылық беріледі.
  8. Үміткерлер АҚШ-та оқуы аяқталғаннан кейін, Қазақстанға міндетті түрде оралуға келісім береді; 
  9. Бағдарламаның басталу кезеңіне қарай қатысушы 18 жасқа толу керек. (Егер қазір жасыңыз 17 болса, құжаттарыңызды бағдарламаға қазір тапсыра аласыз);
  10. Студенттердің оқу үлгерім көрсеткіші 4.0-дан (GPA) кемінде 3.0 және одан жоғары болу керек.

2023-2024 бағдарламаға құжаттар онлайн түрде 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін қабылданады.  

Жеңімпаздар 2023 жылдың күзгі семестрі (2023 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін) немесе 2024 жылдың көктемгі семестрі (2024 жылдың қаңтар мамырына дейін) АҚШ университеттеріне оқуға барады.

Құжаттарды онлайн түрде тапсырудың соңғы мерзімі: 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға