Жаңалықтар

Гиннесстің рекордтар кітабына жеті рет кірген Жыланбаев екі айға қамауға алынды

Гиннесстің рекордтар кітабына жеті рет кірген Жыланбаев екі айға қамауға алынды
Фото: instagram.com/marat_zhylanbayev 26.05.2023 10:42 712

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Жыланбаевты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 25 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Жыланбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады, -делінген хабарламада. 

Айта кетейік, ол  Қылмыстық кодекстің 405-бабы ("сот тыйым салған ұйымның жұмысына қатысу") мен 258-бабында ("террористік не экстремистік әрекетті қаржыландыру") көрсетілген іс-әрекетке барған деген күдікке қалып отыр.

Бұған дейін мамыр айының басында Жыланбаев 20 тәулікке қамауға алынған. 23 мамырда ол уақытша ұстау изоляторынан полицияға жеткізілді.

 Марафоншы Марат Жыланбаев Гиннесстің рекордтар кітабында жеті мәрте рекорд орнатқан. Ол Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шықты. 1992 жылы 20 күнде Қарақұм шөлін (1200 километр), 1993 жылы 24 күн ішінде Сахара шөлін (1700 километр), сол жылы 22 күнде Үлкен Виктория шөлін (1600 километр),  1994 жылы 17 күнде Мохава шөлін (1218 километр) басып өткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға