Гинекологқа қаралуға неге ұяламыз? Етеккір кезіндегі ауырсыну қалыпты жағдай ма? Гормондық бұзылыс артық салмаққа әсер ете ме? Эндометриоз бен жатыр миомасы жас қыздарда неге жиі кездеседі?
Бұл жолы MedRoom подкастының қонағы – гинеколог-эндокринолог Әсем Акетаева.
Маманмен әйелдердің репродуктивті денсаулығы, гормондық өзгерістер, жүктілікті жоспарлау, бедеулік және ЭКО туралы сөйлестік.
Сондай-ақ қыз баланы гинекологқа қай жастан бастап апару керектігін, жыныстық сауаттылықтың отбасынан басталуының маңызын, жүктілік кезінде қандай дәрілер мен сусындардан бас тарту қажеттігін талқыладық.