Ақмаралдың жеңілісі ауыр тиді І Қазақша ән таңдауға қорқып қалдық – Меруерт Балғынбаева

Көркем гимнастикадан еңбек сіңірген жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева ElSport студиясының қонағы болды. Сұхбатта бапкер Ақмаралдың жеңілісін қалай қабылдағанын, жарыстағы жеңіс пен жеңілістің спортшыға және жаттықтырушыға әсерін әңгімеледі. Сондай-ақ көркем гимнастикада музыканың маңызы, қазақша ән таңдауға қатысты күмәні және спортшыларға қоятын талабы туралы айтты. Меруерт Балғынбаева қандай бапкер? Спортшыны жеңіске дайындауда талапшылдық қаншалықты маңызды? Толық сұхбатты ElSport шығарылымынан көріңіз. Сұхбат ұнаса, пікіріңізді жазып, арнаға тіркеліңіз!