Жаңалықтар

Германияда жасөспірім мектеп мұғалімдері мен оқушыларына пышақпен шабуылдады

Германияда жасөспірім мектеп мұғалімдері мен оқушыларына пышақпен шабуылдады
Фото: Pixabay.com 29.09.2023 09:43 1249

Испанияның оңтүстігіндегі Херес қаласында 14 жасар жасөспірім мемлекеттік мектеп мұғалімдері мен оқушыларына пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салдарынан бірнеше адам жарақат алып, олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды, мұғалімдердің біріне күрделі операция жасалған.

Euronews-тің хабарлауынша, 14 жасар оқушы қамауға алынды. Оның мұндай қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз.  

Зардап шеккендердің арасында үш мұғалім мен екі кәмелетке толмаған бала бар.

Полицияның хабарлауынша, қылмыскер оқу орнына екі пышақпен келіп, сабақ басталғаннан кейін көп ұзамай адамдарға шабуыл жасаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға