Жаңалықтар

Германияда ер адам оқушыларға пышақпен шабуылдады

Германияда ер адам оқушыларға пышақпен шабуылдады
Фото: © AP 04.05.2023 03:27 503

Сәрсенбі күні түстен кейін Германия астанасында белгісіз ер адам 7 және 8 жастағы екі қызды пышақпен жарақаттады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

7 және 8 жасар қыздар Майнцердегі мектеп ғимаратының маңында жарақат алды, - делінген Берлин полициясының Twitter-дегі хабарламасында.

Berliner Zeitung мәліметі бойынша, жарақат алған екі оқушы ауруханаға жеткізілген, біреуінің жағдайы өте ауыр.

Күдікті ұсталды, тергеу жүргізілуде. Қаскөйдің мұндай әрекетке не себепті барғаны және оның жеке басына қатысты мәліметтер айтылған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға