Жаңалықтар

Германияда елордалық пара дзюдошылар ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс жүлде салды

Германияда елордалық пара дзюдошылар ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс жүлде салды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 21.02.2024 05:29 414

Германияның Гейдельберг қаласында өткен пара дзюдодан Гран-при турнирінде елордалық пара спортшылар ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс жүлде салды. Бұл туралы Қазақстан пара дзюдо баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде Астана қаласының пара спортшысы Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Тағы бір жерлесіміз Ерғали Шамей J1 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстан пара дзюдо федерациясы мәлім еткендей, пара дзюдодан өткен Гран-при турнирінде ел намысын 13 ер, 6 әйел спортшы қорғады. Оның төртеуі – Астана қаласының пара дзюдошылары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға