Жаңалықтар

Геннадий Головкин ресми түрде әлем чемпионы атағынан айырылды

Геннадий Головкин ресми түрде әлем чемпионы атағынан айырылды
Фото: instagram.com/gggboxing 14.06.2023 16:00 417

Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты, бұл бүгінге дейін GGG-де қалған жалғыз белбеу еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін, 14 маусымда, Халықаралық бокс ұйымы хабарлады. IBO президенті Эд Левин орта салмақтағы атақ қазір бос екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Головкин WBA Super және IBF чемпиондық белбеулерінен бас тартқан болатын. Осылайша қазақстандық былғары қолғап шеберінің әлем чемпионы деген атағы жоқ.

Мұның алдында Геннадий Головкин спорттық мансабын аяқтайтыны туралы айтылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға