Жаңалықтар

Геннадий Головкин мен Эрисланди Лара жекпе-жегі қашан өтеді

Головкин мен Лараның командасы жекпе-жек өткізу туралы 23 қазанға дейін келісуі керек. 
Геннадий Головкин мен Эрисланди Лара жекпе-жегі қашан өтеді
Фото: Matchroom Boxing 25.09.2022 03:11 1164

Америкалық Wonder Man Boxing Youtube-арнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен кубалық Эрисланди Лара жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды El.kz  Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жасы 40-тан асқан Геннадий Головкин қаңтардың ортасына дейін Эрисланди Ларамен кездесуі мүмкін. Әрине, Головкин WBA титулынан бас тартпаса. Бұл жекпе-жек ертерек өтуі керек еді, бірақ түрлі себептермен әлі ұйымдастырылмай жатыр", – деді арна авторы.

Айта кетейік, Головкин мен Лараның командасы жекпе-жек өткізу туралы 23 қазанға дейін келісуі керек. Әйтпесе промоутерлік сауда белгіленеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға