Жаңалықтар

Геннадий Головкин Германияға барды

14.05.2025 13:35 465
Геннадий Головкин Германияға барды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing ұйымы Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Германияның Франкфурт қаласына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сапар аясында Германия ҰОК-нің штаб-пәтерінде жұмыс кездесуі өтеді. Кездесуді ұйымдастырушылар қатарында Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Германия бокс федерациясының өкілдері де бар. Ресми кездесуге Қазақстан ҰОК-нің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысады.

Тараптар бірнеше сессия аясында спорттағы адалдық пен сәйкестік, олимпиадалық қозғалысты дамыту, Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы сияқты маңызды мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ спорттағы қауіпсіздік мәселелері көтеріліп, Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарын өткізу тәжірибесінен алынған нақты мысалдар қарастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға